04 ақпаннан бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00015485 (BTRKb29) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 04.02.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 02 ақпанында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00015485 (BTRKb29; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 370 күн; жартыжылдық купон; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу нәтижелері бойынша анықталатын болады; actual/365) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 04 ақпанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ- ның 10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 10-шы болып табылады.
"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Alatau City Invest" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-02-04]