Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 ақпанда болатын, өтеуге дейін мерзімі 2,8 жыл МЕТИКАМ KZKT00000040 (MTM072_0001) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі
/KASE, 03.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің TONIA мөлшерлемесіне индекстелген, мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕТИКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық (Астана қ. уақыты) өткізіледі.
--------------------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды: MTM072_0001
Бағалы қағаздардың түрі: МЕТИКАМ
ISIN: KZKT00000040
Номиналды құны, теңге: 1 000
Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана: 116 965 079
Айналысқа жіберу күні: 18.11.22
Айналыста болудың соңғы күні: 17.11.28
Өтеу мерзімі: 18.11.28
Айналыста болу мерзімі: 6 жыл (2 160 күн)
Купонная ставка, % годовых: 1,20 + TONIA Compounded
алты айға (TCR_6M)
Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет
Купон төлемдерін бастау күндері: жыл сайын 18 мамырда және 18 қарашада
Уақыттық базасы: 30 / 360
------------------------------------------------ -------------------------------------
Сауда-саттық күні: 03.02.26
Өтеуге дейін мерзімі: 2,8 жыл (1 005 күн)
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 20 000,0
Сауда-саттық заты: "таза" баға
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 15:30–16:00
Өтінімдерді растау уақыты: 15:30–16:00
Кесім уақыты: 17:00 дейін (Т+0)
Төлеу күні: 05.02.26
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру кесімді бағаға тең немесе сатушы
әдісі: үшін ұтымдырақ болатын
қарсылама шектелімді өтінімдердің
бағасы бойынша
--------------------------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнның пайызымен облигацияның "таза" (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.
Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.
Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.
ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида толығырақ мекен- жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2026-02-03]