KZ
4 ақпан 2026, 11:18
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.02.2026 14:35 #Қаржы құралдары

04 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 03.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 04 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 12 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін Exxon Mobil Corporation US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 сәуіріне және одан кейінгі күндерге келетін Verizon Communications Inc. US92343V1044 ("KASE Global" секторы, VZ_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 13 сәуірінен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-02-03]