KZ
7 наурыз 2026, 09:38
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.02.2026 17:46 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ 2026 жылдың 01 наурызынан бастап магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау қызметтеріне тарифтердің өзгергені туралы хабарлайды

/KASE, 02.02.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит мақсатында көрсетілетін келесі қызметтерге тарифтер бекітіліп, олар 2026 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі:

  • Т. Қасымов атындағы МАС-та теміржол цистерналарынан мұнайды құю – 1 тонна үшін 1 715,05 теңге (ҚҚС-сыз) өсім 969 теңге, немесе 130 %;
  • Т. Қасымов атындағы МАС-та мұнайды "Кенкияк-Атырау" мұнай құбырына ауыстырып құю – 1 тонна үшін 80,99 теңге (ҚҚС-сыз) өсім 0,6 теңге, немесе 0,8 %;
  • "Шағыр" мұнай құю эстакадасында мұнайды теміржол цистерналарына құю – 1 тонна үшін 517,00 теңге (ҚҚС-сыз) өсім 236 теңге, немесе 84 %.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-02-02]