KZ
5 наурыз 2026, 02:46
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.02.2026 16:25 #Бағалы қағаздар

АҚ "Қазхром" трансұлттық компаниясы" акциялары мен акционерлері туралы 2026 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша мәліметтер

/KASE, 02.02.26/ – АҚ "Қазхром" трансұлттық компаниясы" акциялары мен акционерлері туралы 2026 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша мәліметтер:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 142 949 700 дана, артықшылықты акциялар саны – 15 120 000 дана;
  • компанияның 99 953 939 жай акциялары және 9 896 772 артықшылықты акциялары орналастырылған;
  • компания өзінің 493 жай акциясын және 3 428 артықшылықты акциясын кері сатып алды;
  • компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға KCR METALS FZCO болып табылады, оның меншігінде 109 131 836 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,35 %) соның ішінде компанияның 99 940 708 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,99 %) және 9 191 128 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 92,87 %) бар.

[2026-02-02]