KZ
9 ақпан 2026, 09:03
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.02.2026 15:31 #Қаржы құралдары

03 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС KZ2P00016488 (CLSGb10) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 02.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 03 ақпанынан бастап "Capital Leasing Group" ЖШС (Капитал Лизинг Груп)" KZ2P00016488 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, CLSGb10; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 30.01.26-30.01.29; тоқсандық купон, жылдық 23,00 %; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-02-02]