Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30 қаңтардан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне түзетулер қолданысқа енгізіледі
/KASE, 30.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылдың 29 қаңтарындағы шешімімен 2026 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 26 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.
Түзетулермен, оның ішінде мыналар көзделген:
- сауда-саттық көлемі айына 25 млрд теңгеге жеткен кезде бір күн мерзімге қатысу клирингілік сертификаттарымен репо операциялары бойынша комиссиялық алымдарды төлеуден маркет-мейкерлерді босату;
- сауда-саттық күні ішінде жасалған сатып алу-сату мәмілелерінің жиынтық көлеміне қол жеткізген кезде маркет-мейкерлерді жабу аукционында баға белгілеулерді қолдау талабынан босату;
- сауда-саттық күні (T+0), сондай-ақ Қытай юаніне қатысты шетел валютасымен операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімімен Қытай юаны бойынша тайм-аутты 20 минутқа дейін ұлғайту;
- SPOT және SWAP нарықтарында Біріккен Араб Әмірліктерінің дирхамына баға белгілеу талаптарын анықтау;
- бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау, жосықсыз мінез-құлық және/немесе бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану бөлігінде талаптардың сақталуы туралы хабарлама бойынша маркет-мейкер мәртебесін беруге өтініш білдірген сауда- саттыққа қатысушыға міндет жүктеу.
Ережелерднің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("сауда- саттық" қалташасы – "Маркет-мейкерлер").
[2026-01-30]