KZ
1 ақпан 2026, 22:54
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.01.2026 17:44 #Нормативтік база

30 қаңтардан бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа және Мәмілелер жасасу мақсатында сауда-клирингілік шоттарды пайдалану ережелеріне түзетулер қолданысқа енгізіледі

/KASE, 30.01.26/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2026 жылдың 29 қаңтарындағы шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді:

1) "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 16 өзгертулер;

2) Мәмілелер жасасу мақсатында сауда-клирингілік шоттарды пайдалану ережелеріне № 4 өзгертулер мен толықтыру.

Түзетулер 2026 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулер KASE мүшелерінің клиенттеріне "валюталық" санатындағы кодтарды берудің екінші нұсқасын енгізуге байланысты енгізілді, ол валюта нарығындағы сауда-саттыққа қатысушының клиенттері үшін "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ есепке алу жүйесінде ашылған қор нарығы клиенттерінің кодтарын пайдалануды көздейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ (закладка "Торги").

[2026-01-30]