Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02 ақпаннан бастап "Lender" Микроқаржы ұйымы ЖШС KZ2P00016074 (MFLNb1) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 30.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 02 ақпанынан бастап "Lender" Микроқаржы ұйымы ЖШС KZ2P00016074 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFLNb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 26.01.26 – 26.01.28, тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-01-30]