KZ
19 наурыз 2026, 08:38
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.01.2026 12:00 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ 2025 жылы энергия үнемдеу есебінен 361 млн теңгеден астам қаржы үнемдеді

/KASE, 30.01.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2025 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде 361,4 млн теңгеден астам қаражат үнемдеді.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ жариялаған энергия тиімділігі жылы аясында компания 2025 жылға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасында көзделген барлық іс-шараларды толық көлемде орындады. Іске асырылған жобалар энергия ресурстарын тұтынуды едәуір қысқартуға мүмкіндік беріп, энергия тұтынуды басқарудағы жүйелі тәсілдің тиімділігін растады.

Жыл қорытындысы бойынша энергия ресурстарын жалпы тұтыну алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,1%-ға төмендеді, бұл 1 440 тонна шартты отынға тең (ш.о.т.). Мұнай жүк айналымына шаққандағы меншікті энергия шығыны 2,4%-ға төмендеп, 3,7-ден 3,61 ш.о.т./млн тонна*км-ге дейін азайды.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-01-30]