KZ
30 қаңтар 2026, 14:38
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.01.2026 10:26 #Сауда-саттық ақпараты

03 ақпанда Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 ақпанда болатын, өтеуге дейін мерзімі 365 күн МЕККАМ KZK100000431 (MKM012_0162) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтеді

/KASE, 30.01.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) 2026 жылдың 03 ақпанда KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕККАМ) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақыты) өткізілетінін хабарлайды.

-------------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды:                       MKM012_0162                      
Бағалы қағаздардың түрі:                      МЕККАМ                           
ISIN:                                         KZK100000431                     
Номиналды құны, теңге:                        100,00                           
Айналымдағы облигациялардың көлемі, дана:     –                                
Айналымның басталу күні:                      облигацияларды орналастыру       
                                              бойынша жүзеге асқан сауда       
                                              саттықтың нәтижесі бойынша       
                                              есеп айырысу күні                
Айналымда болудың соңғы күні:                 кейінірек анықталады             
Өтеу күні:                                    кейінірек анықталады             
Айналыста болу мерзімі:                       365 күн                          
Уақыттық базасы:                              30 / 360                         
--------------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                            03.02.26                         
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 40 000,0                         
Сауда-саттық мәні:                            "таза" баға                      
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру           нарықтық сұранысқа байланысты    
дәрежесі,%*:                                  0-ден 100-ге дейін               
Өтінім беру тәсілі:                           жабық                            
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                  09:00–12:00                      
Өтінімдерді растау уақыты:                    09:00–12:00                      
Кесім күні және уақыты:                       03.02.26, 15:00                  
Төлеу күні:                                   05.02.26                         
Қарсылама шектелімді өтінімдерді              бір кесімді баға бойынша         
қанағатандыру тәсілі:                                                          
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:  кесімді бағаға тең немесе сатушы 
                                              үшін ұтымдырақ болатын           
                                              қарсылама шектелімді өтінімдердің
                                              бағасы бойынша                   
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    бір кесімді баға бойынша         
-------------------------------------------------------------------------------
* Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы 
  қағидаға сәйкес нарықтық өтінімдерді беру сауда-саттыққа бір 
  қатысушыға нарықтық өтінімдерді берудің рұқсат етілген пайызын 
  қамтамасыз ету мақсатында сауда-саттыққа қатысушы шектелімді 
  өтінімдерді бергеннен кейін ғана мүмкін болады; бұл ретте, егер сауда-
  саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдердің рұқсат етілген пайызы 
  бұзылса, шектелімді өтінімді алып тастауға тыйым салынады.

Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).

Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Қағидалардың мәтіні толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу қағидалары толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-01-30]