KZ
15 ақпан 2026, 09:52
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.01.2026 09:43 #Қаржы құралдары

Азия даму банкінің XS1937714753 (ASDBe2) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды

/KASE, 30.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 қаңтарынан бастап KASE ресми тізімінен Азия Даму Банкінің XS1937714753 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe2; 15 234 400 000 теңге, 28.01.19 – 30.01.26, қалқымалы тоқсандық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,16%; actual/360) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 07 ақпанынан бастап ашылды.

[2026-01-30]