KZ
28 қаңтар 2026, 19:01
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.01.2026 17:15 #Қаржы құралдары

29 қаңтардан бастап KASE-де АҚШ Қаржы министрлігінің US912828YQ73 (US158_2610) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

/KASE, 28.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 29 қаңтарынан бастап KASE-де АҚШ Қаржы министрлігінің US912828YQ73 ("мемекелеттік бағалы қағаздар" секторы, US158_2610) халықаралық облигацияларымен орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын сауда- саттық режіміндегі және есеп айырысуы 2026 жылғы 29 сәуірге және одан кейінгі күндерге түсетін репо операциялары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де 2026 жылғы 29 сәуіргде осы облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды.

KASE-де аталған облигациялардың саудасы 2026 жылдың 04 мамырында қайта жалғасады.

[2026-01-28]