Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Bank RBK" Банкі" АҚ акциялары мен акционерлері туралы 2026 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша мәліметтер
/KASE, 28.01.26/ – "Bank RBK" Банкі" АҚ акциялары мен акционерлері туралы 2026 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша мәліметтер:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 160 599 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана;
- банктің 1 605 990 000 жай акциялары және 450 000 артықшылықты акциялары орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының 10 және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "КСС ФИНАНС" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 1 442 031 859 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 89,79 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 89,77 %) бар.
[2026-01-28]