Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28 қаңтардан бастап "Фридом Финанс" АҚ үш атаудағы бағалы қағаздар бойынша KASE маркет-мейкер мәртебесі берілді
/KASE, 28.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 28 қаңтарынан бастап "Фридом Финанс" АҚ-на оның өтініші негізінде келесі жай акциялар бойынша KASE-де маркет- мейкер мәртебесі берілді:
1) "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA);
2) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KASE негізгі алаңы,"стандарт" санаты, KMGZ);
3) Solidcore Resources plc. JE00B6T5S470 (KASE негізгі алаңы,"стандарт" санаты, CORE_KZ).
[2026-01-28]