27 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 қаңтарында болатын МЕУКАМ KZKD00001269 (MUM120_0020) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 27.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 27 қаңтарында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00001269 (MUM120_0020) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 44 370 124 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 93,0485 % (кірістілік – жылдық 15,47 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 93,2535 % құрады (кірістілік – жылдық 15,42 %).
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 қаңтарында болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 9 жыл МЕУКАМ KZKD00001269 (MUM120_0020) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-01-27]