27 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 қаңтарында болатын МЕУКАМ KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 27.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 29 қаңтарында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 32 710 520 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 80,9180 % (кірістілік – жылдық 16,01 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 80,9605 % құрады (кірістілік – жылдық 15,99 %).
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 қаңтарында болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 2,9 жыл МЕУКАМ KZKD00000717 (MUM180_0009) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-01-27]