KZ
1 ақпан 2026, 21:49
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.01.2026 12:12 #Қаржы құралдары

27 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 27.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 27 қаңтарынан бастап KASE-де "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің келесі облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) KZ2P00014244 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb9);

2) KZ2P00014996 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb10);

3) KZ2P00015589 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb11);

4) KZ2P00015670 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb12);

5) KZ2P00015886 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb13).

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026 жылдың 26 қаңтарындағы "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің үш ай мерзімге микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешіміне байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-01-27]