Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26 қаңтардан бастап "Onemotion" ЖШС облигацияларының үш шығарылымы "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 26.01.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 22 қаңтарында "Onemotion" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2P00016884 (ONMTpp1; $10 000, $1,0 млн; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 10,50 %;30/360);
2) KZ2P00016934 (ONMTpp2; 1 000 тенге, 500,0 млн тенге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 25,00 %; 30/360);
3) KZ2P00016942 (ONMTpp3; $10 000, $1,0 млн; 1 жыл 10 күн; тоқсандық купон, жылдық 10,00 %; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-01-26]