KZ
23 қаңтар 2026, 19:58
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.01.2026 17:44 #Қаржы құралдары

26 қаңтардан бастап үш атаудағы ETF-пен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 23.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 26 қаңтарынан бастап орталық контрагенттың қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жасалатын репо операциялары бойынша келесі ETF-пен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 ақпанына және 02 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін, US74347G1849 ("KASE Global" секторы, BITI_KZ) ProShares Short Bitcoin ETF, сауда-саттық 2026 жылдың 04 наурызында қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 ақпанына және 02 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, ETHT_KZ) ProShares Ultra Ether ETF, сауда-саттық 2026 жылдың 04 наурызында қайта басталады;

3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 ақпанына және 02 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF, сауда-саттық 2026 жылдың 04 наурызында қайта басталады.

Сауда-саттықтар KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы, 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тіркелімнің тиянақталуы туралы ақпараттың бар болуына сәйкес тоқтатыла тұрады.

[2026-01-23]