Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Перу Республикасы Экономика және қаржы министрлігінің US715638DE95 (PE_02_2601) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды
/KASE, 23.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 қаңтарынан бастап Перу Республикасы Экономика және қаржы министрлігінің US715638DE95 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PE_02_2601; $1,0 млрд; 23.04.20 – 23.01.26; жартыжылдық купон, жылдық 2,392 %; 30/360) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2022 жылдың 28 қазанынан бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық 2023 жылдың 14 наурызынан бастап ашылды.
[2026-01-23]