Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010457 (MFDFb1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 23.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 қаңтарынан бастап "ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00010457 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFDFb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 23.01.24 – 23.01.26; тоқсандық купон, жылдық 21,50%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 29 желтоқсанынан бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап ашылды.
[2026-01-23]