23 қаңтардан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Фаэтон компаниясы" ЖШС KZ2P00004500 (FATNb3) облигацияларының айналым мерзімі туралы ақпарат өзгертіліп, олармен сауда-саттық қайта басталады
/KASE, 22.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 қаңтарынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Фаэтон компаниясы"ЖШС KZ2P00004500 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, FATNb3; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 20.02.19 – 20.02.26; жартыжылдық купон, жылдық 10,50 %; 30/360) облигациялары бойынша мынадай ақпарат өзгеретінін хабарлайды:
- облигациялардың айналым мерзімі жеті жылдан 14 жылға өзгерді.
23 қаңтардан бастап KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттық қайта басталады, олар 2025 жылдың 10 желтоқсанынан бастап тоқтатылды.
Көрсетілген облигациялар шығарылымының өзгертілген аңдатпасы орналастырылды – толығырақ
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2026 жылдың 22 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Фаэтон компаниясы" ЖШС KZ2P00004500 (FATNb3) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді" тақырыбындағы жаңалығы жарияланды – толығырақ
[2026-01-22]