23 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 22.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 қаңтарынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша мынадай бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 05 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, QUALCOMM Inc. (АҚШ) US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) жай акциялары, сауда-саттық 2026 жылдың 10 наурызынан бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 20 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін SPDR S&P 500 ETF TRUST US78462F1030 (сектор "KASE Global", SPY_KZ) сауда-саттық 2026 жылдың 26 наурызынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2026-01-22]