Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22 қаңтардан бастап "Tulpar Credit" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00015910 (MFTLpp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 22.01.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 19 қаңтарында "Tulpar Credit" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00015910 (MFTLpp1; 1000 теңге, 10,0 млрд теңге; 10 жыл) дисконттық облигацияларын "жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 22 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-01-22]