Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007318 (KFUSb9) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 22.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 22 қаңтарынан бастап "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007318 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb9; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 22.01.21 – 22.01.26; жылдық купон, жылдық 9,50%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 29 қаңтарында ашылған.
[2026-01-22]