"Teniz Capital Investment Banking" АҚ "AB Restaurants" ЖШС облигацияларының сәтті орналастырылғаны туралы хабарлады
/KASE, 21.01.26/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – TCIB) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Teniz Capital Investment Banking" АҚ 21.11.2025 ж. бастап 15.01.2026 ж. дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасында (KASE) ABR мейрамханалық холдингінің - "AB Restaurants" ЖШС-нің (сауда коды: ABRXpp1, ISIN: KZ2Р00015993) екі жылдық облигацияларын орналастыру туралы хабарлайды, жылдық купондық сыйақы 21,0%, бір облигацияның номиналды құны — 1 000 теңге, облигациялардың айналым кезеңі — 2025 жылдың 21 қарашасынан 2027 жылдың 21 қарашасына дейін. Сауда-саттық нәтижелері бойынша орналастыру көлемі ақшалай нысанда 1 500 000 000,00 теңгені құрады.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-01-21]