KZ
21 қаңтар 2026, 06:44
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.01.2026 15:22 #Сауда-саттық ақпараты

20 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 22 қаңтарда болатын МЕОКАМ KZK200000778 (MOM060_0055) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 13.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 22 қаңтарында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) KZK200000778 (MOM060_0055) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 45 424 065 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 104,6154 % (кірістілік – жылдық 15,51 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 104,7255 % құрады (кірістілік – жылдық 15,48 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 22 қаңтарында болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 4,7 жыл МЕОКАМ KZK200000778 (MOM060_0055) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-01-20]