KZ
23 қаңтар 2026, 04:23
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.01.2026 18:36 #Сауда-саттық ақпараты

KASE ұлттық валютадағы репо операциялары бойынша түзету коэффициентін анықтады және өзінің интернет-ресурсында жариялады

/KASE, 19.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы "Минималды резервтік талаптар туралы ережені бекіту туралы" (Ережелер) атты № 229 қаулысына сәйкес репо операциялары бойынша ұлттық валютада 0,90 мөлшерінде түзету коэффициентін анықтады.

Бұл түзету коэффициенті KASE-де ұлттық валютада жасалатын репо операциялары бойынша ашық позициялардың жалпы көлеміндегі репо операциялары бойынша банктік емес сатып алушылардың күнделікті ашық позицияларының күнтізбелік жылдағы орташа үлес салмағы ретінде анықталады. Репо операциялары бойынша банктік емес сатып алушыларға репо операцияларын өз атынан және өз активтері есебінен жасайтын репо операциялары бойынша барлық сатып алушылар (екінші деңгейдегі банктерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің филиалдарын қоспағанда) жатады. Ережелердің 7-2 тармағына сәйкес түзету коэффициентінің мәні үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен 0-ден 1-ге дейінгі аралықта болады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша KASE анықтаған түзету коэффициенті KASE интернет-ресурсында Нарықтар – Ақша нарығы – Репо бөлімінде толығырақ сілтемесі бойынша жарияланады.

[2026-01-19]