KZ
20 қаңтар 2026, 03:41
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.01.2026 11:52 #Қаржы құралдары

19 қаңтардан бастап Solidcore Resources plc JE00B6T5S470 (CORE_KZ) жай акциялары негізгі алаңның "стандарт" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 19.01.26/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2026 жылдың 08 қаңтарындағы шешімімен Solidcore Resources plc (Астана) JE00B6T5S470 (сауда коды – CORE_kz) жай акциялары негізгі алаңның "стандарт" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.

Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған акцияларға рұқсат берудің бастамашысы Freedom Finance Global PLC болып табылады.

Solidcore Resources plc қызметінің негізгі түрі – холдингтік компаниялардың қызметі.

Аталған акциялар туралы толығырақ ақпарат жарияланды – толығырақ

[2026-01-19]