KZ
20 қаңтар 2026, 05:16
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.01.2026 09:25 #Қаржы құралдары

"Лизинг Групп" АҚ KZ2C00008647 (LZGRb4) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 16.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 16 қаңтардан бастап "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00008647 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb4; $1 000, $2,4; 16.10.25 – 16.01.26; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, жылдық 10,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар 2022 жылдың 02 тамызынан бастап баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2025 жылдың 17 қазанынан бастап ашылды.

[2026-01-16]