"Эйр Астана" АҚ акционерлерінің 2026 жылдың 15 қаңтарында өткен кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысын хабарлады
/KASE, 15.01.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Эйр Астана" акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге "Топ"), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2026 жылғы 15 қаңтарда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында Компания The Boeing Company компаниясымен 2032–2035 жылдары жеткізілуі жоспарланған бес Boeing 787-9 ("нақты тапсырыс") типті әуе кемесін сатып алу жөніндегі, Компания активтерінің жалпы баланстық құнының елу (50) және одан да көп пайызын құрайтын сомаға сатып алу жөнінде, сондай-ақ Boeing 787-9 типті әуе кемелерін сатып алу бойынша бес расталған опциондық құқық пен бес расталған сатып алу құқығын алу және Компанияның Бас атқарушы директорына осы шешімді іске асыру мақсатында барлық қажетті әрекеттерді жүзеге асыруға өкілеттік берілуi туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-01-15]