09 ақпанда "Эйр Астана" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлама
/KASE, 09.01.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) төмендегіні хабарлайды:
дәйексөздің басы
"Эйр Астана" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Эйр Астана" АҚ немесе "Қоғам"), атқарушы органының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А, 2026 жылғы 9 ақпанда 11 сағат 00 минутте өтетін (Алматы уақыты бойынша), Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Құлжа тракті, 4В, "Ю" блогы мекенжайы бойынша, Қоғам директорлар кеңесінің "Эйр Астана" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдауы жайында хабарлайды. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеудің басталуы: Алматы уақыты бойынша 09 сағат 00 минутте.
Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 35-37, 39-48, 50-52-баптарына сәйкес бетпе-бет жүздесу тәртібінде өткізілетін болады.
...
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
"Эйр Астана" АҚ-ның Airbus A320neo отбасының әуе кемелерін сатып алу бойынша «Эйр Астана» АҚ активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің 50 (елу) және одан да көп пайызын құрайтын сомаға ірі мәміле жасасу жайында шешім қабылдау туралы.
"Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің Сыйақы саясатын жаңа редакцияда бекіту туралы.
"Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін айқындау туралы.
"Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы.
"Эйр Астана" АҚ тәуелсіз директорларына сыйақы мен өтемақы төлеу мөлшері мен шарттарын бекіту туралы.
дәйексөздің соңы
Жиналыстың өткізілетіні туралы қазақ тіліндегі хабарлама – толығырақ
Жиналыстың өткізілетіні туралы орыс тіліндегі хабарлама – толығырақ
Жиналыстың өткізілетіні туралы ағылшын тіліндегі хабарлама – толығырақ
[2026-01-09]