Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12 қаңтардан бастап KASE-де "Серт А" ломбарды" ЖШС-ның KZ2P00016033 (MFLSb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 09.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап KASE-де "Серт А" ломбарды" ЖШС-ның KZ2P00016033 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFLSb1; 1000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигацияларға баға белгілеудің дәлдігі баға белгілеу валютасымен көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленді, баға белгілеу валютасы – Қазақстан теңгесі.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-01-09]