KZ
21 қаңтар 2026, 03:03
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.01.2026 14:58 #Қаржы құралдары

12 қаңтардан бастап "Halyk Finance" АҚ "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-тың бес облигациялар шығарылымы бойынша KASE-дегі маркет-мейкері мәртебесінен бас тартты

/KASE, 09.01.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының 2026 жылғы 09 желтоқсандағы шешімімен "Halyk Finance" АҚ "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-тың төмендегі халықаралық облигациялары бойынша KASE-дегі маркет-мейкері мәртебесінен босатылды:

1) XS1595713782, US48667QAN51 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KMGZe11);

2) XS1595714087, US48667QAP00 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KMGZe12);

3) XS1807300105, US48667QAQ82 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KMGZe14);

4) XS1807299331, US48667QAS49 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KMGZe15);

5) XS2242422397, US48126PAA03 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KMGZe16).

Бұл шешім KASE-нің ішкі құжаты — "Маркет-мейкерлердің қызметі қағидаларының" 3-бабына сәйкес, маркет-мейкердің аталған мәртебеден өз еркімен бас тартуына байланысты қабылданды.

[2026-01-09]