KZ
26 қаңтар 2026, 05:32
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.01.2026 11:57 #Қаржы құралдары

09 қаңтардан бастап US01609W1027 (BABAd) және US0567521085 (BIDUd) американдық депозитарлық қолхаттары KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді

/KASE, 09.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылғы 08 қаңтардағы шешімімен KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына келесі американдық депозитарлық қолхаттар енгізілді:

  • US01609W1027 (BABAd), оның базалық активі Alibaba Group Holding Ltd жай акциялары болып табылады;
  • US0567521085 (BIDUd), оның негізгі активі Baidu. Inc жай акциялары болып табылады.

Көрсетілген депозитарлық қолхаттарды қабылдаудың бастамашысы – "Standard инвестициялық компаниясы" АҚ.

Басқарманың бұл шешімі 2026 жылғы 09 қаңтардан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Көрсетілген бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтемелер бойынша жарияланған:

толығырақ

толығырақ

[2026-01-09]