KASE 2026 ЖЫЛҒЫ 04 АҚПАННАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ
/KASE, 09.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2026 жылғы 09 қаңтардағы шешімімен KASE-нің "Қор нарығының индекстері мен көрсеткіштерін есептеу әдістемесі" (бұдан әрі – Әдістеме) атты ішкі құжатына сәйкес 2026 жылғы 04 ақпаннан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімін (бұдан әрі – Тізім) анықтады.
Көрсетілген шешімге сәйкес 2026 жылдың ақпан айында KASE индексін 0- ден бастап есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.
------------------------------------------------------------------------------------
---- --------- ------
Акция коды ---- --------- ------
# р/с ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі*
----- ---------- ------------ -------------------------------- ---- --------- ------
1 AIRA KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ 41,6 1,0000000 6,1
2 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 48,2 0,7389018 13,9
3 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 30,3 0,2737573 15,7
4 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 1,0000000 10,7
5 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC" АҚ 15,0 1,0000000 2,9
6 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазмұнайГаз" ҰАК" АҚ 2,6 0,8861816 14,4
7 KSPI KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ 32,8 0,1220270 15,2
8 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ 25,0 0,1599120 15,1
9 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 19,2 1,0000000 4,3
10 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 1,7
------------------------------------------------------------------------------------
* fi, Ri, Үлес параметрлері 2026 жылғы 08 қаңтарға көрсетілген.
Комитеттің шешімі күшіне енгенге дейін2026 жылғы 02 ақпанда Fi, Ri параметрлері мен Үлесі 2026 жылғы 30 қаңтардағы сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша қалыптасқан акциялар бағасына сәйкес және 2026 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша еркін айналыстағы акциялардың саны бойынша қайта есептелетін болады.
Индексті есептеу үшін көрсетілген параметрлердің өзгеруі туралы ақпарат 2026 жылғы 02 ақпанда жарияланады.
КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.
Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.
Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15-ке (15%) дейін шектейтін параметр, әр акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы, 01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен реттеледі.
Fi – 01.01.26 күнгі жағдай бойынша еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 30.01.26 тіркелген соңғы мәміле бағасының және индекстің мәніне әрбір номиналдағы акциялардың әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің көбейтіндісі ретінде алынған параметр.
Үлесі – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы кез келген атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының ағымдағы үлесі. Пайызбен көрсетіледі.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-01-09]