KZ
26 қаңтар 2026, 05:28
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.01.2026 11:44 #Қаржы құралдары

08 қаңтардан бастап KASE-де "Еурооблигациялар қоры" АИПҚ-тың KZPF00000025 (CSECfe) және "Сентрас – Жаһандық нарықтар" АИПҚ-тың KZPF00000033 (CSECgm) пайларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

/KASE, 08.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 08 қаңтардан бастап төменде көрсетілген пайлармен сауда-саттық уақытша тоқтатылғанын хабарлайды:

  • "Еурооблигациялар қоры" Аралық инвестициялық пай қорының (АИПҚ) KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары", CSECfe) пайлары;
  • "Сентрас – Жаһандық нарықтар" АИПҚ-тың KZPF00000033 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары", CSECgm) пайлары.

Сауда-саттық "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры" АИПҚ пен "Сентрас – Жаһандық нарықтар" АИПҚ-тың ережелеріне өзгеріс енгізілуіне байланысты уақытша тоқтатылды.

[2026-01-08]