Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Еурооблигациялар қоры" АИПҚ және "Сентрас – Жаһандық нарықтар" АИПҚ ережелеріне енгізілген өзгерістерді тіркеді
/KASE, 08.01.26/ – "Сентрас Секьюритиз" АҚ (KASE тикері – CSEC) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2025 жылғы 05 желтоқсанда келісімге алынған өзгерістерімен бірге "Еурооблигациялар қоры" аралық инвестициялық пай қорының (АИПҚ) және "Сентрас – Жаһандық нарықтар" АИПҚ ережелерін ұсынды.
Көрсетілген құжаттарға сәйкес:
- "Еурооблигациялар қоры" АИПҚ-тың KZPF00000025 (CSECfe) пайларының номиналдық құны 500 000 теңгеден 1 000 АҚШ долларына өзгертілді;
- "Сентрас – Жаһандық нарықтар" АИПҚ-тың KZPF00000033 (CSECgm) пайларының номиналдық құны 200 000 теңгеден 400 АҚШ долларына өзгертілді.
Ережелер мен оларға енгізілген өзгерістер мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-01-08]