KZ
26 қаңтар 2026, 05:49
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.01.2026 11:00 #Қаржы құралдары

08 қаңтардан бастап KASE-де Johnson & Johnson компаниясының US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

/KASE, 08.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 08 қаңтардан бастап KASE-де KASE-де ohnson & Johnson компаниясының US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларымен орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын сауда-саттық режіміндегі және есеп айырысуы 2026 жылғы 24 ақпандаға және одан кейінгі күндерге түсетін репо операциялары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын және 2026 жылғы 26 ақпанда қайта басталатынын хабарлайды.

Сонымен қатар орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын сауда-саттық режіміндегі репо операцияларына негізделген төмендегі ETF-термен сауда- саттықты уақытша тоқтату 2026 жылғы 01 наурызға дейін ұзартылды:

1) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ);

2) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ);

3) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ);

4) STATE STREET SPDR BLOOMBERG 1-3 MON US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ).

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де осы бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімнің тіркелетіні туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды.

[2026-01-08]