KZ
8 қаңтар 2026, 04:51
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.01.2026 17:30 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылғы желтоқсандағы KASE акциялар нарығын шолу

/KASE, 06.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолу ұсынады.

2025 жылғы желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша KASE-нің сауда- саттық тізімдерінде 74 эмитенттің 87 атаудағы акциялары болды, олардың ішінде екі эмитенттің екі атаудағы акциясы "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналымға жіберілген.

2025 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша акциялар нарығының капитализациясы 39,0 трлн теңге (77,6 млрд АҚШ доллары) болды, бұл алдыңғы айдың көрсеткішінен 0,6 трлн теңгеге немесе 1,7 % жоғары.

------------------------------------------------------------
                        31 желтоқсан 28 қараша        Δ Δ, %
----------------------- ------------ --------- -------- ----
Капитализация, млрд KZT    39 019,69 38 377,43   +642,3 +1,7
Капитализация, млн USD     77 640,30 74 251,12 +3 389,2 +4,6
------------------------------------------------------------

Акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 22,0 млрд теңге болып, қарашаға қарағанда 35,1 % немесе 30,5 млрд теңгеге төмендеді. Желтоқсанда акциямен сауда-саттық тек қайталама нарықта жүргізілді. 1 күнде жасалған сауда-саттықтың орташа көлемі 1,0 млрд теңге, мәмілелердің орташа күндік саны 9 398, бір мәміленің орташа көлемі 106,6 мың теңге болды.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде жеке тұлғалар белсенділік танытты, олардың үлесі акциялармен жасалған сауда-саттықтың брутто-айналымының 54,2%, банктердің үлесі 2,9 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 17,5%, басқа институттық инвесторлардың үлесі 2,6%, басқа заңды тұлғалардың үлесі 22,7% болды. Бейрезиденттердің үлесі – 9,9%.

Желтоқсанда KASE Индексінің мәні 3,1% өсіп, айдың соңында 7 031,32 тармақты құрады.

Индекстік акциялармен жасалған мәміле көлемі 2025 жылдың желтоқсанында 19,2 млрд теңге болды, бұл 2025 жылдың қарашасындағы көрсеткіштен 5,0 млрд теңгеге көп. Сауда-саттықтың ең көп көлемі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-тың жай акцияларына қатысты болды – 6,3 млрд теңге (индекстік акциялармен жасалған сауда-саттықтың жалпы көлемінің 32,9%)*.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
                                                       Соңғы мәміленің бағасы,    Сауда-саттық көлемі*, Капитализация**,
                                                       бір акция үшін теңгемен                млн теңге       млрд теңге
                                 --------------------------------------------- ------------------------ ----------------
           Free Индекстегі үлесі                              ----------------                                          
         float,                ,                              01.01.25 бастап,                                          
              %               %* 31 желтоқсан 28 қараша  Δ, %             Δ, % желтоқсан   қараша  Δ, %         31.12.25
-------- ------ ---------------- ------------ --------- ----- ---------------- --------- -------- ----- ----------------
HSBK       30,3             16,1       371,59    320,00 +16,1            +44,9   6 308,3  4 321,9 +46,0          4 040,2
KZTO       10,0              1,8       950,00    837,00 +13,5            +15,9     933,7    373,8  x2,5            371,6
KEGC       15,0              3,1     1 555,00  1 395,00 +11,5             +1,8   1 848,3    548,5  x3,4            428,7
KZTK       19,2              4,3    43 390,00 40 300,00  +7,7             -0,9   1 152,8    977,9 +17,9            475,8
KSPI       32,8             14,8    40 390,00 39 445,00  +2,4            -25,9     825,9  1 766,2 -53,2          7 685,4
AIRA       41,6              6,4       909,98    890,00  +2,2            +11,0   1 937,7  2 041,6  -5,1            323,8
KCEL       34,1             11,1     3 383,00  3 335,00  +1,4             -1,4      33,7     28,7 +17,1            674,8
CCBN       48,2             14,0     4 660,00  4 600,00  +1,3             x2,1   1 741,5  1 729,7  +0,7            831,5
KZAP       25,0             13,9    28 059,00 28 247,99  -0,7            +39,0   3 380,7  1 685,2  x2,0          7 269,7
KMGZ        2,6             14,7    21 720,00 22 160,00  -2,0            +48,6   1 026,1    671,2 +52,9         13 222,3
KASE          –                –     7 031,32  6 818,90  +3,1            +26,1  19 188,8 14 144,7 +35,7                –
индексі                                                                                                                 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
* ірі мәмілелерді, ұдайы емес сипаттағы мәмілелерді және SPO 
аясындағы орналастыруды қоспағанда

** артықшылықты акциялар есебімен компаниялардың капитализациясы

[2026-01-06]