KZ
7 қаңтар 2026, 23:44
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.01.2026 15:25 #Сауда-саттық ақпараты

06 қаңтарда KASE-де есеп айырысуы 09 қаңтарда жүргізілетін KZKD00001228 (MUM096_0014) МЕУКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді

/KASE, 06.01.26/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есеп айырысуы 2026 жылғы 09 қаңтарда жүргізілетін KZKD00001228 (MUM096_0014) мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE хабарламасына сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 28 100 986 000 теңгені құрайтын өтінімдерді қанағаттандырды, шекті бағаны номиналды құнының 94,2419% деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 15,60 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа алынған таза баға номиналдың 94,5439% құрады (кірістілік – жылдық 15,51 %).

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

"Бүгін KASE-де есеп айырысуы 09 қаңтарда жүргізілетін және өтеуге дейінгі мерзімі 5,4 жыл болатын KZKD00001228 (MUM096_0014) МЕУКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" деген KASE жаңалығы мына сілтемесі бойынша жарияланған: толығырақ

[2026-01-06]