KZ
7 қаңтар 2026, 23:45
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.01.2026 12:27 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылғы желтоқсандағы KASE-нің МБҚ нарығына шолу

/KASE, 06.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығына қысқаша шолуды ұсынады.

2025 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша KASE-нің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 106 облигация шығарылымы, оның ішінде 91 MEKAM шығарылымы және 15 еурооблигация шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ноталарының 1 шығарылымы, жергілікті атқарушы органдар облигацияларының 248 және шет мемлекеттер облигацияларының 66 шығарылымы бар.

Желтоқсан айының қорытындысы бойынша Биржадағы мемлекеттік бағалы қағаздардың жалпы сауда-саттық көлемі 442,5 млрд теңгені ($862,3 млн) құрап, қарашамен салыстырғанда 42,4% немесе 325,2 млрд теңгеге азайды. Сауданың орташа күндік көлемі 20,1 млрд теңге (қайталама нарықта – 7,2 млрд теңге), мәмілелердің орташа күндік саны 12 (қайталама нарықта – 11), бір мәміленің орташа көлемі 1,7 млрд теңге (қайталама нарықта – 0,7 млрд теңге) болды.

Желтоқсан айында бастапқы нарықта жалпы сомасы 284,0 млрд теңгеге ($552,3 млн) 36 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 51,4% немесе 300,3 млрд теңгеге төмен:

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
                                                Сауда-саттық көлемі, Сауда-саттық көлемі, Сұраныстың ұсынысқа қатынасы                 Орташа Өтеуге дейінгі мерзім,
Орналастыру күні                                          млрд теңге              млн USD                              өлшенген кірістілік, %                 жылдар
                 Сауда-саттық коды ISIN                                                                                                                             
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
02.12.2025       MKM012_0161       KZK100000423                  4,7                  9,1                         х2,9                 16,78%                    0,5
                 MUM120_0020       KZKD00001269                 55,2                107,6                         х8,4                 16,10%                    9,2
                 TKK024_215        KZMJ00002152                 18,1                 35,2                         100%                  0,35%                    1,5
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
09.12.2025       MUM096_0015       KZKD00001301                 30,8                 60,5                         х6,7                 15,55%                    7,5
                 MUM180_0015       KZKD00001186                 23,7                 46,6                         х8,4                 15,55%                   10,7
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
15.12.2025       KSK022_288        KZMJ00002889                  0,8                  1,6                         100%                  8,94%                    1,8
                 ZKK022_287        KZMJ00002871                  1,6                  3,0                         100%                  8,94%                    1,8
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
17.12.2025       MOM060_0055       KZK200000778                 53,8                103,5                           х3                 15,45%                    4,8
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
23.12.2025       MUM144_0009       KZKD00001178                 30,0                 58,3                         х3,1                 15,44%                    7,7
                 MUM180_0008       KZKD00000659                 65,4                127,0                         х4,2                 16,46%                    1,8
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
БАРЛЫҒЫ                                                        284,0                552,3                                                                           
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары ішінде бастапқы нарықта банктердің үлесіне 40,7%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне 0,1 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне 17,4 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне 41,7 % тиесілі болды. Бейрезиденттердің мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттыққа қатысу үлесі – 34,5%.

Қайталама нарықта желтоқсан айында жалпы сомасы 158,5 млрд теңгеге ($310,0 млн) 232 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 13,6% немесе 24,9 млрд теңгеге төмен.

Инвесторлардың негізгі санаттары ішінде қайталама нарықта банктердің үлесіне 45,1%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне 0,8 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне 3,8 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне 50,2 %, жеке тұлғалардың үлесіне 0,1 % тиді. Бейрезиденттердің МБҚ қайталама нарығындағы сауда-саттыққа қатысу үлесі 34,6% болды.

Желтоқсан айының қорытындысы бойынша МБҚ индекстері келесі өзгерістерді көрсетті:

--------------------------------------------------------------------------------------------
                                                                         Бір айдағы өзгеріс,
                                                          31.12.25
 мәні        теңге / б.п.
--------------------------------------------------------- -------------- -------------------
                            "Таза" бағалардың индекстері, теңге                             
--------------------------------------------------------------------------------------------
KZGB_CPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                              1 201,58              +43,23
KZGB_CPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен                       948,63              -64,03
KZGB_CPl 5 жылдан астам мерзіммен                                 793,82             -157,13
KZGB_CPm1m өтеу мерзімі 31 күннен бастап және одан да көп         902,34             -122,31
KZGB_CP сегменттеу мерзімі жоқ                                    931,40             -124,52
--------------------------------------------------------------------------------------------
                          "Таза емес" бағалардың индекстері, теңге                          
--------------------------------------------------------------------------------------------
KZGB_DPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                              1 474,46             +181,31
KZGB_DPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен                     1 270,25              +21,39
KZGB_DPl 5 жылдан астам мерзіммен                               1 086,63              -91,32
KZGB_DPm1m өтеу мерзімі 31 күннен бастап және одан да көп       1 143,53               -9,93
KZGB_DP сегменттеу мерзімі жоқ                                  1 140,09              -38,70
--------------------------------------------------------- --------------                    
                                  Табыстылық индекстері, %                                  
--------------------------------------------------------------------------------------------
KZGB_Ys 1 жылға дейінгі мерзіммен                                  16,59               +3,96
KZGB_Ym 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен                         16,25               +4,67
KZGB_Yl 5 жылдан астам мерзіммен                                   15,56               +4,06
KZGB_Ym1m өтеу мерзімі 31 күннен бастап және одан да көп           16,01               +4,43
KZGB_Y сегменттеу мерзімі жоқ                                      15,99               +4,41
--------------------------------------------------------------------------------------------

[2026-01-06]