"Серт А" Ломбарды" ЖШС 1,0 млн KZ2P00016033 (MFLSb1) облигациясын орналастыруды жоспарлап отыр
/KASE, 06.01.26/ – "Серт А" Ломбарды" ЖШС (KASE тикері – MFLS) төмендегіні хабарлады:
дәйексөздің басы
Эмитенттің толық атауы: "Серт А" Ломбарды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Эмитенттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Республика даңғылы, 12, 43-пәтер, пошталық индексі 160005;
Облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні: 2025 жылғы 22 қазан;
Бағалы қағаздардың түрі: қамтамасыз етілмеген купондық облигациялар;
Шығарылымның жалпы көлемі: 1 000 000 000 теңге;
Орналастырылатын облигациялар саны: 1 000 000 дана;
Төлем тәсілі: ақшамен, қолма-қол ақшасыз нысанда;
Орналастыру бағасы: орналастыру бағасы облигациялар шығарылымын орналастыру кезінде өтінім берген инвесторлардың сұранысына байланысты анықталады;
Андеррайтер және эмитенттің лауазымды тұлғалары туралы мәлімет, олар арқылы эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісімен немесе өзге ақпаратпен танысуға болады:
Қаржы жөніндегі кеңесші: "ОРДА Капитал" басқарушы компаниясы" АҚ, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 160011, Шымкент қ., әл-Фараби ауданы, М.Х. Дулати көшесі, 2/5 ғимарат; Тел.: +7 7252 775321
Эмитент: "Серт А" Ломбарды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Республика даңғылы, 12, 43-пәтер, пошталық индекс 160005; директоры – Кенжебек Сабыржан Бөрібайұлы, Тел.: + 77478822210
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы мына сілтеме бойынша орналастырылды: толығырақ
[2026-01-06]