05 ҚАҢТАРДАН БАСТАП KASE ЕСЕП АЙЫРЫСУЫ САУДА-САТТЫҚ ЖАСАЛҒАН КҮНІ ӨТКІЗІЛЕТІН ҚЫТАЙ ЮАНІ БОЙЫНША САУДА-САТТЫҚ, КЛИРИНГ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮРГІЗУ РЕГЛАМЕНТІН ӨЗГЕРТЕДІ
/KASE, 31.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 05 қаңтардан бастап KASE-де CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD, CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002 қаржы құралдарымен сауда-саттық өткізілген кезде төмендегі өзгерістер енгізілетінін хабарлайды:
сауда-саттықтың аяқталу уақыты Астана қ. уақытымен AST 11:30-дан 12:30-ға өзгертіледі;
клирингілік сессия AST 12:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі;
клирингілік қатысушылардың орындалу күні келген мәмілелер бойынша нетто-міндеттемелерді төлеу үшін қытай юанін жеткізуінің соңғы мерзімі – AST 14:30.
KASE және KASE клиринг орталығының (KACC) ішкі құжаттарына тиісті түзету енгізілді:
Сауда-саттық және бақылау мен қамтамасыз ету жүйесінің жұмысының регламентіне енгізілген № 22 өзгерістер;
Орталық контрагент қатысатын мәмілелер бойынша клирингілік сессияларды өткізу регламентіне енгізілген №7 өзгерістер мен толықтырулар.
Жаңартылған құжаттар KASE мен KACC-тың төмендегі интернет- ресурстарында жарияланады:
толығырақ ("Сауда-саттық" бетбелгісі);
толығырақ ("Клиринг" бетбелгісі).
[2025-12-31]