KZ
1 қаңтар 2026, 06:13
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.12.2025 12:39 #Корпоративтік уақиғалар

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ ресми түрде "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ болып қайта құрылды

/KASE, 31.12.25/ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (KASE тикері – BTRK) келесіні хабарлады:

дәйексөздің басы

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы мемлекеттік қайта тіркеуді аяқтап, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы атауымен қызметін жалғастырады.

Қайта тіркеу проактивті инвестициялық саясатты іске асыруға және "Бәйтерек" холдингінің елдің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі рөлін күшейтуге бағытталған Холдингтің құрылымдық және мазмұндық трансформациясының қисынды жалғасы болып табылады.

"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі жаңа мәртебесінде инвестиция тарту құралдарын кеңейтуге, жүйе құраушы жобаларды сүйемелдеуге және қаржы ресурстарын экономиканы дамытудың басым бағыттарына шоғырландыруға баса назар аударады. Негізгі күш өңдеу өнеркәсібіндегі, инфрақұрылымдағы, агроөнеркәсіптік кешендегі және экспортқа бағдарланған салалардағы жобаларды қолдауға жұмылдырылатын болады.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы мына сілтеме бойынша орналастырылды: толығырақ

[2025-12-31]