KZ
2 қаңтар 2026, 06:55
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.12.2025 10:19 #Қаржы құралдары

31 желтоқсаннан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС облигацияларының үш шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 31.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2025 жылғы 29 желтоқсанда "Birinshi Lombard" ЖШС-ның (Алматы) төменде көрсетілген облигацияларын баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1)KZ2P00016397 (MFBLb8; 1000 теңге, 1,0 млрд теңге; 5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360);

2)KZ2P00016405 (MFBLb9; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 5 жыл, тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360);

3)KZ2P00016413 (MFBLb10; 1000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл, тоқсандық купон, жылдық 23,00 %; 30/360).

Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Бұл облигациялардың шығарылымдары 2025 жылғы 14 қаңтарда 10,0 миллиард теңгеге тіркелген "Birinshi Lombard" ЖШС-ның екінші облигациялық бағдарламасының төртінші, бесінші және алтыншы шығарылымдары болып табылады.

"Birinshi Lombard" ЖШС-ның қаржылық кеңесшісі – "Standard Investment Company" АҚ.

Көрсетілген облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2025-12-31]