KZ
13 наурыз 2026, 06:18
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.12.2025 10:03 #Қаржы құралдары

31 желтоқсаннан бастап "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС облигацияларының екі шығарылымы баламалы алаңның "облигациялары" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 31.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2025 жылғы 29 желтоқсанда "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-ның (Алматы қ.) төменде көрсетілген облигацияларын баламалы алаңнын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1)KZ2P00016744 (CLSGb15; 1000 теңге, 2,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360);

2)KZ2P00016751 (CLSGb16; 1000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360).

Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Көрсетілген облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2025-12-31]