KZ
9 қаңтар 2026, 13:42
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.12.2025 18:00 #KASE жаңалықтары

KASE және KCSD инвесторлар үшін капитал нарығы бойынша бірыңғай ақпараттық порталды іске қосты

/KASE, 30.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Бағалы қағаздардың орталық депозитарийімен (KCSD) бірлесіп, шетелдік және жергілікті инвесторларға арналған толығырақ сілтемесі бойынша қолжетімді Capital Markets Kazakhstan бірыңғай ақпараттық порталын іске қосты.

Платформа Қазақстанның капитал нарығы: облигациялар нарығының құрылымы, қаржы институттары, реттеуші орта және қолжетімді инвестициялық құралдар туралы негізгі ақпаратты бір жерде жинақтайды.

Жобаның маңыздылығы халықаралық инвесторлардың Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына "кіруін" жеңілдетуінде, яғни сенімді деректерге ашық әрі ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етуінде. Бұл, әсіресе, резидент емес инвесторлардың Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына қызығушылығы артып отырған жағдайда өзекті: 2025 жылы шетелдік инвесторлардың KCSD жүйесінде есепке алынатын МБҚ-ға салған инвестиция көлемі 69 % өсті.

"KASE бұл жобаны сауда-саттық алаңын, инфрақұрылымды және инвесторларға арналған ақпараттық сервистерді біріктіретін капитал нарығының цифрлық экожүйесін қалыптастырудың бір бөлігі ретінде іске асыруда. Биржа порталға сауда-саттық пен құралдар туралы деректерді, оның ішінде облигациялар, акциялар және нарықтық индекстер жөніндегі ақпаратты біріктіріп, халықаралық аудитория үшін Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы туралы ақпаратты ашық әрі ыңғайлы түрде пайдалануды қамтамасыз етеді", — деп атап өтті KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Жоба аясында KASE порталға облигациялар, акциялар және нарықтық индекстерді қоса алғанда, сауда-саттық пен қаржы құралдары туралы деректерді интеграциялап, капитал нарығының бірыңғай цифрлық ақпараттық кеңістігін қалыптастырады.

Платформа пилоттық режимде іске қосылды және кезең-кезеңімен дамытылады. Портал ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

[2025-12-30]