"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ TONIA индексі негізінде ұзақмерзімді жергілікті облигацияларды орналастырды
/KASE, 30.12.25/ – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (KASE тикері – BRKZ) келесіні хабарлады:
дәйексөздің басы
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында тоғызыншы облигациялық бағдарлама аясында 3-ші және 4-ші облигациялар шығарылымын орналастырды.
Орналастыру көлемі 10 жыл мерзімге жасалған TONIA (Tenge OverNight Index Average) өзгермелі мөлшерлемесі негізінде купонды есептей отырып, 55 150 789 000 теңгені құрады.
Шығарылған облигациялар – корпоративтік облигациялар, олардың мақсаты – "Алматы электр станциялары" АҚ-тың "Қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып Алматы 2-ЖЭО-ны жаңғырту" және "Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру" инвестициялық жобаларын қаржыландыру.
Қаржылық кеңесші және андеррайтер "Sky Bridge Invest" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Halyk Finance" АҚ және "Alatau City Invest" АҚ болды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша орналастырылған: толығырақ
[2025-12-30]